Қазақстан 2026 жылғы Азиадада нысана көздеуден үздік ондыққа енді

267

Қазақстан құрамасы 1879,9 ұпай жинап, алтыншы орынға ие болды.

Қазақстан 2026 жылғы Азиадада нысана көздеуден үздік ондыққа енді Фото: Нұрғали Жұмағазы

Қазақстан әйелдер құрамасы нысана көздеуден Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында 10 метр қашықтықтан пневматикалық мылтықпен ату сайысына қатысты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Бұл бәсекеде Қазақстан намысын Александра Ле, Елизавета Безрукова және Софья Шульженко қорғады. Іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша, оның нәтижелері командалық есепке де енгізілді, Қазақстан құрамасы 1879,9 ұпай жинап, алтыншы орынға ие болды.

Жекелей есепте спортшыларымыз финалға өте алмады. Александра Ле 15-орын, Елизавета Безрукова 22-орын, ал Софья Шульженко 28-орын алды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу