Еліміздің Ұлттық Олимпиадалық комитеті 2026 жылы Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтетін қысқы Олимпиада ойындарына ресми шақырту алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Бұл – елдің төртжылдықтың басты қысқы спорттық жарысына қатысуын растайтын дәстүрлі рәсім.
Қазақстандық спортшылар қысқы Олимпиада ойындарына 1994 жылдан бері қатысып келеді. Сол уақыттан бері біздің атлеттер жалпы 8 медаль жеңіп алды: 1 алтын, 3 күміс және 4 қола.
Айта кетейік, 2026 жылғы Олимпиада ойындары 6-22 ақпан аралығында өтеді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу