Қазақстан 2026 жылғы жағажайдағы Азия ойындарын бастады

100

Жағажай Азиадасында Қазақстанның әйелдер құрамасы су добынан жарыс жолына шықты. 

Қазақстан 2026 жылғы жағажайдағы Азия ойындарын бастады Фото: ҰОК

Бүгін, 22 сәуірде Қазақстан құрамасы Қытайдың Санья қаласында өтіп жатқан 2026 жылғы жағажайдағы Азия ойындарында өнер көрсетуін бастады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазақстан әйелдер құрамасы су добынан алғашқы кездесуін Таиландқа қарсы өткізді. Ойын нәтижесінде қазақстандық спортшылар жеңіске жетті. Төрт кезеңнің қорытындысы бойынша есеп 2:2 болып тең аяқталды. Матч тағдыры пенальти сериясында шешіліп, онда отандастарымыз басым түсті. Нәтижесінде Қазақстан 3:2 есебімен жеңіске жетті.

Келесі матчын қазақстандықтар 23 сәуір күні Гонконг құрамасына қарсы өткізеді.

Саньядағы жарыста ел намысын Ариадна Затыльникова, Камила Наурызбаева, Таира Мухаева, Яна Смолина, Василиса Антропова, Фатима Маткаримова және Аида Алпысбай қорғауда.

Айта кетейік, бүгін жағажайдағы Азия ойындарының ресми ашылу салтанаты өтеді. Шара Астана уақытымен сағат 17:00-де басталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу