Қазақстан садақ атудан 32 жылдан кейін әлем чемпионатында жүлдегер атанды

299

Оңтүстік Кореяның Кванджу қаласында өткен 2025 жылғы садақ атудан әлем чемпионатында қазақстандық қыздар тарихи жетістікке жетті.

Қазақстан садақ атудан 32 жылдан кейін әлем чемпионатында жүлдегер атанды Фото: kazarchery_official

Адель Жексенбинова, Виктория Лян және Роксана Юнусова бастаған құрама командалық сайыста қола медаль иеленді. Бұл – Қазақстанның соңғы 32 жылдағы алғашқы жүлдесі.

Финалда спортшыларымыз екі дүркін әлем чемпиондары саналатын қарсыластарына жол берді. Ал чемпиондықты Мексика құрамасы жеңіп алды.

Олардың сапында бес дүркін әлем чемпионатының жүлдегері Андре Бессерра алғаш рет алтын медаль иеленді. Күміс жүлде АҚШ командасына бұйырды, құрамында екі дүркін әлем чемпионы Алексис Руис бар.

Қазақстан атынан әлем чемпионатындағы алғашқы медаль 1993 жылы тіркелген болатын. Ол кезде Яна Туниянц классикалық садақ атудан қола жүлде жеңіп алған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу