Қазақстан АЭС салудың орнына, ЖЭК қуатын неге арттырмайды? – сарапшы пікірі

729

Сарапшылар бұл мәселеде белгілі бір шектеулер барын баса айтты.

Қазақстан АЭС салудың орнына, ЖЭК қуатын неге арттырмайды? – сарапшы пікірі Фото: inbusiness.kz

Еуропалық Одақ электр желісіндегі жаңартылатын энергия көздерінің үлесін 10 пайыздан асырмауды ұсынады. Бұл туралы "Қазақстандық атом электр станциялары" ЖШС бас директоры Тимур Жантикин елордада өткен атом энергетикасын дамыту мәселелері бойынша бизнес-форумда айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Журналистер "Атом электр станциясын салудың орнына жаңартылатын энергия көздерінің қуатын неге арттырмаймыз?" деп сұрады.

"Олардың қуатын арттыруға болады, бірақ мұнда белгілі бір шектеулер бар, Әртүрлі ұйымдардың, соның ішінде Еуропалық Одақтың осы мәселедегі ұсыныстары бар. Олар электр желісіндегі ЖЭК-тің үлесін 10 пайыздан асырмауды ұсынады. Өйткені электр желісіндегі тұрақтылықта мәселе туындауы мүмкін. Әрине, қазір жаңа технологиялар бар. Бірақ әзірге бұл өте қымбат, яғни атом энергиясымен салыстырғанда қымбатқа түседі", - деді Тимур Жантикин. 

Спикер АЭС салынған жағдайда оның құрылысына кететін қаражат өзін қалай ақтайтынына да тоқталды.  

"Өтеу мерзімі айнымалы фактор екенін ескерген жөн. Қаржылық экономикалық модельдер құрылған кезде параметрдің біріне өтелу мерзімі жатады. Олар стандартты түрде 15-20 пайыз алады, әдетте бұл қарыз алу шарттары. Егер біз 15 жыл деп айтсақ, бұл бір баға, егер 20 жыл болса, онда ол өзгеше болады", - деп түсіндірді спикер.

Айта кету керек, осыған дейін Энергетика министрлігі алдағы 10 жылда қуаты 18 ГВ-тан асатын электр стансаларын салу қажеттігі туралы айтқан болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу