Қазақстан Африка елдерімен ықпалдастықты кеңейтуге айрықша мән береді – Президент

130

Мемлекет басшысы Сьерра-Леоне Президентінің арнаулы өкілін қабылдады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазақстан Африка елдерімен ықпалдастықты кеңейтуге айрықша мән береді – Президент Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сьерра-Леоне Президентінің арнаулы өкілі – Сыртқы істер министрі Тимоти Муса Кабба екі ел ынтымақтастығының перспективасын талқылады. 

Президент Қазақстанның Африка елдерімен ықпалдастықты кеңейтуге айрықша мән беретінін атап өтті. 

Тимоти Муса Кабба арнайы қабылдағаны үшін Мемлекет басшысына алғыс айтып, Сьерра-Леоне Президенті Джулиус Мааданың сәлемін жеткізді. 

Әңгімелесу барысында екіжақты қатынастарды дамыту, түрлі саладағы ынтымақтастықты тереңдету мәселелері қарастырылды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу