Қазақстан Airbus компаниясынан 50 жаңа ұшақ алады

181

Париж қаласында Қазақстан мен Франция іскерлік кеңесінің отырысы және экономикалық ынтымақтастық жөніндегі 16-шы Үкіметаралық комиссияның мәжілісі өтті.

Қазақстан Airbus компаниясынан 50 жаңа ұшақ алады Фото: Көлік министрлігі

Іс-шараларға Қазақстан Республикасы Көлік вице-министрі Талғат Ластаев қатысты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Негізгі оқиға Airbus A320neo әуе кемелерін жеткізу жөніндегі меморандум папкаларымен алмасу рәсімі болды.

Құжатта "алғашқы 25 ұшақты жеткізу және кейіннен қосымша санын 25 ұшаққа дейін арттыру мүмкіндігі" қарастырылған.

Кездесу барысында Талғат Ластаев пен Airbus компаниясының вице-президенті Шарбель Юзкатли 2031 жылға жоспарланған әуе кемелерін жеткізу мерзімдері және оны жеделдету мүмкіндіктерін талқылады.

Сондай-ақ, вице-министр Airbus-пен бірлесіп авиациялық оқу орталығын құру және әуе кемелерін лизингке беру мәселелерін көтерді.

ҮАК аясында халықаралық серіктестермен алдағы ынтымақтастық мәселелері де талқыланды. TAV Airports компаниясымен – Қазақстан әуежайлары инфрақұрылымын жаңғырту, Alstom компаниясымен – өнеркәсіптік кооперация бағытында.

Екі ел арасындағы көлік байланысын жақсарту үшін Париж-Астана рейсін қайта ашу және Шымкент-Ницца бағыты бойынша әуе қатынасын іске қосу мәселелері қарастырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу