7 сәуір Андорраның Канильо қаласында басталған шайбалы хоккейден әйелдер арасындағы әлем чемпионатының II дивизионын Қазақстан құрамасы жеңіспен бастады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
А тобындағы алғашқы матчта мексикалық ойыншылар отандастарымызға төтеп бере алған жоқ. Матч 4-2 есебімен Ұлттық құраманың пайдасына аяқталды.
Біздің хоккейшілерден Пернеш Әшімова, Дария Молдабай, Анастасия Оразбаева мен Мунира Саяхатқызы мергендік танытты.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу