Қазақстан әйелдер құрамасы Азия чемпионатында 2-орынға ие болды

907

Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасы Иорданияда өтіп жатқан Азия чемпионатында жалпы медальдық есепте екінші орынға ие болды. 

Қазақстан әйелдер құрамасы Азия чемпионатында 2-орынға ие болды Фото: olympic.kz

Финалда барлығы он команда өнер көрсетті. Қазақстаннан әйелдер арасында Алуа Балқыбекова (48 келіге дейін), Жайна Шекербекова (54 келіге дейін) және Карина Ибрагимова (57 келіге дейін) құрлықтық доданың алтын жүлдегерлері атанды. Алтын үшін таласта төрт спортшымен өнер көрсеткен Қазақстанның басты бәсекелесі бес финалисті бар Үндістан болды. Сондай-ақ финалда Өзбекстан, Корея және Тайланд құрамаларынан екі спортшыдан өнер көрсетті. Ал финалдық кездесулерде Жапония құрамасының жолы болмады. Олар бес финалистпен бір ғана алтын алды.

Жалпы жеңіс үшін шешуші жекпе-жек 81 келіге дейінгі салмақтағы финалдық кездесу болды. Гүлсая Ержан үндістандық Савитимен қолғап түйістіргенімен, қарсыласына ұпай саны бойынша жеңіліп қалды. Нәтижесінде ол жарыстың күміс жүлдегері (81 келі) атанса, ал Назым Қызайбай (50 келі), Жазира Орақбаева (52 келі), Мәдина Нұршаева (66 келі), Дариға Шәкімова (70 келі) және Ләззат Күнгейбаева (+ 81 келі) қола жүлдені қанағат тұтты.

Әйелдер арасында өткен 2022 жылғы Азия чемпионатының финалынан кейінгі медальдар кестесі.

1. Үндістан – төрт алтын, бір күміс, екі қола

2. Қазақстан – үш алтын, бір күміс, бес қола

3. Жапония – бір алтын және төрт күміс

4. Корея мен Өзбекстан – бір алтын, бір күміс

5. Өзбекстан – бір алтын, бір күміс, бір қола

6. Тайвань - бір алтын, екі қола

7. Вьетнам – бір алтын

8. Тайланд – екі күміс, бір қола

9. Моңғолия - бір күміс, 4 қола

10. Иордания - бір күміс, 1 қола

Айта кетейік, бүгін  12 қарашада ерлер құрамасы алтын үшін жекпе-жек өткізеді. Ерлер құрамасының бірден тоғыз өкілі турнирдің алтыны үшін таласады. Олардың бесеуінің қарсыластары Өзбекстан құрамасының өкілдері.

48 кг. Санжар Тәшкенбай (Қазақстан) - Аратаке Кадзума (Жапония)

51 кг. Сәкен Бибосынов (Қазақстан) - Хасанбой Дусматов (Өзбекстан)

54 кг. Махмуд Сабырхан (Қазақстан) - Карло Паалам (Филиппин)

57 кг. Серік Теміржанов (Қазақстан) - Абдумалик Халоков (Өзбекстан)

67 кг. Дулат Бекбауов (Қазақстан) - Бунджонг Синсири (Таиланд)

71 кг. Асланбек Шымбергенов (Қазақстан) - Зеяд Ишайш (Иордания)

75 кг. Нұрқанат Райыс (Қазақстан) - Саиджамшид Джафаров (Өзбекстан)

92 кг. Айбек Оралбай (Қазақстан) - Мадияр Сайдрахимов (Өзбекстан)

+92 кг. Қамшыбек Қоңқабаев (Қазақстан) - Ләзизбек Муллажонов (Өзбекстан)

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу