15-18 қазан аралығында Жапонияның Саппоро қаласында әйелдер арасында хоккейден Азия чемпионаты өтеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Қазақстан құрамасы турнирде Жапония, Қытай және Оңтүстік Корея командаларымен кездеседі.
Чемпионатқа төрт елдің құрамасы қатысады. Жарыс айналмалы жүйе бойынша өтіп, әр команда үш матч өткізеді.
Қазақстандық хоккейшілер алғашқы ойынын 15 қазанда Жапония құрамасына қарсы өткізеді. 17 қазанда Қытаймен, ал 18 қазанда Оңтүстік Кореямен кездеседі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу