Қазақстан әйелдер құрамасы Шахмат Олимпиадасының күміс жүлдегері атанды

693

Шахматтан Қазақстан әйелдер құрамасы Мажарстан астанасы Будапештте өткен 45-ші Олимпиадада күміс жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Қазақстан әйелдер құрамасы Шахмат Олимпиадасының күміс жүлдегері атанды Фото: kazsports.kz

Ұлттық құрама намысын Бибісара Асаубаева, Меруерт Камалиденова, Ксения Балабаева, Алуа Нұрман және Амина Қайырбековалар қорғады.

Қыздарымыз Олимпиадада 18 ұпай жинап, екінші орынды қанағат тұтты. Ал Үндістан 19 ұпаймен Олимпиада чемпионы атанды. Үшінші орын 17 ұпай жинаған АҚШ-қа бұйырды.

Бұған дейін әйелдер құрамасы Норвегияда (2014 жылы) – 6-орын, Арменияда (1996 жылы) – 8-орын, Мәскеуде (1994 жылы) – 11-орын, Филиппинде (1992 жылы) 8-орын иеленген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу