Қазақстан әйелдер құрамасы Әзербайжанның Баку қаласында өтіп жатқан U17 әлем чемпионатында алғашқы жүлдесіне ие болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
65 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Айша Әбдімәлік финалда моңғолиялық Ариунзул Болдбаатарға есе жіберіп, күміс медальді еншіледі.
Ал 49 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Аянат Мейнамбай қола жүлде үшін белдесті. Алайда шешуші кездесуде АҚШ өкілі Исла Сильвадан жеңіліп қалды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу