Қазақстан әйелдер құрамасы волейболдан Азия чемпионатында Аустралияны жеңді

211

Келесі қарсылас – Таиланд құрамасы.  

Қазақстан әйелдер құрамасы волейболдан Азия чемпионатында Аустралияны жеңді Фото: olympic.kz

Қытайдың Тяньцзинь қаласында өтіп жатқан волейболдан әйелдер арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы жеңісіке қол жеткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ұлттық құрама екінші матчында Аустралияны 3:0 есебімен жеңді. Кездесу партиялары 25:21, 25:18 және 25:21 нәтижесімен аяқталды.

Бұған дейін қазақстандық волейболшылар алғашқы ойында Индонезиядан 0:3 есебімен жеңілген еді.

Қазақстан құрамасы келесі кездесуін 25 тамызда Таиландқа қарсы өткізеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу