Қазақстан әйелдер құрамасының бас бапкерлігіне Қырғызбаева тағайындалды

Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясының ресми сайты жазды. 

Қазақстан әйелдер құрамасының бас бапкерлігіне Қырғызбаева тағайындалды Фото: ҚФФ

Бегайым Сапарқызы елдегі әйелдер футболының ең жарқын өкілдерінің бірі саналады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бегайым Қырғызбаева – футболшы ретінде 11 рет Қазақстан чемпионы атанып, 10 мәрте Қазақстан Кубогын жеңіп алған маман. 

– Ұлттық құрама сапында 2003 жылдан бері доп теуіп, Қазақстан әйелдер құрамасы тарихындағы ең көп матч өткізген рекордшы атанды. Оның еншісінде елдің басты командасы сапында 85 ойын және 17 гол бар.

Бегайым Сапарқызы бапкерлік қызметін 2022 жылы бастады. Ол "Оқжетпес" және "Елімай" әйелдер командаларын жаттықтырып, сондай-ақ Қазақстан әйелдер ұлттық құрамасында бас бапкердің көмекшісі қызметін атқарды, – делінген хабарламада. 

Бегайым Қырғызбаева алдағы уақытта Қазақстан әйелдер ұлттық құрамасының нәтижесіне тікелей жауап беретін болады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу