Қазақстан әйелдер құрамасының жаңа бас бапкері тағайындалды

1433

Еуропа Чемпионатының іріктеу кезеңдеріне қазақ қыздарын Иван Азовский дайындайды.

Қазақстан әйелдер құрамасының жаңа бас бапкері тағайындалды

Қазақстан әйелдер құрамасы құрлық біріншілігінің кезекті ойынына дайындықты бастады. Оқу-жаттығу жиынында ұлттық құраманың жаңа бас бапкері Иван Азвоский таныстырылды.

Иван Азвоский Алматы қаласындағы Қазақ дене шынықтыру институтында білім алған. УЕФА-ның PRO категориясы бар бапкер. "Фулхэм" және "Тоттенхэм Хотспур" футбол клубтарының білім бағдарламаларын тәмамдаған. Футболдағы мансабын алғаш рет 1980-жылы "Қайрат" командасының сапында бастаған. 1985 - 1992 – "Целинник"(Целиноград), 1993 - 1995 – "Металлург" (Магнитогорск), 1996 - 1997 – "Цесна" (Ақмола) клубтарында ойнаған.

Ал бапкерлік қызметін 1998 – 2003 жылдар аралығында Астананың "Жеңіс" футбол командасының дайындық тобының жаттықтырушысы ретінде бастаған. Әр жылдары  "Тараз", "Астана", "Шахтёр", "Жетісу" футбол клубтарында бапкерлік қызметте болған.  

Енді Ұлттық құрама бапкері болып тағайындалған Иван Азовский қызметіне кірісті. Футболдан әйелдер арасында Қазақстан чемпионаты аяқталған соң Иван Азовский шәкірттері оқу-жаттығу жиынын бастады.

Санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті сақтау шараларына сәйкес, сонымен қатар селекция жұмыстарын тиімді жүргізу үшін ішкі жарыстар мен ұлттық құраманың жиыны бір локацияда ұйымдастырылды. Оқу-жаттығу жиыны Шымкент қаласында өтеді.

Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Қазақстан мен Аустрия құрамалары арасындағы ойынды "Намыс" стадионы қабылдайды. Жаттықтырушылар штабы Еуропа Чемпионатының іріктеу кезеңіне шақырылған ойыншылардың тізімін де жариялады.

Футболдан Қазақстан әйелдер құрамасының құрамы:

Қақпашылар: Оксана Железняк ("БИІК-Қазығұрт"), Назым Исмаилова ("Оқжетпес"), Миллана Бурдакова (СДЮСШОР №8);

Қорғаушылар: Әйгерим Айтымова, Жанерке Перме (екеуі де - СДЮСШОР №8), Тоқжан Бекпенбет, Бибігүл Нұрышева, Құндыз Қожахмет  (барлығы - "Оқжетпес"), Екатерина Красюкова, Зулейра Әбішева, Александра Бурова, Екатерина Бабшук, Мария Демидова (барлығы - "БИІК-Қазығұрт");

Жартылай қорғаушылар: Бегайым Қырғызбаева, Анастасия Власова (екеуі де - "Оқжетпес), Әселхан Тұрлыбекова, Адиля Вылданова, Камила Құлмағамбетова, Карина Жұмабайқызы (барлығы - "БИІК-Қазығұрт");

Шабуылшылар: Сәуле Кәрібаева ("БИІК-Қазығұрт"), Лейла Садықова ("Оқжетпес").

Ермұхамед Мәулен

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу