Мұндай сүйінші ақпаратты World Boxing баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Рейтинг World Boxing құрамындағы ұлттық федерациялар арасында жасалған. Онда Қазақстан Бокс федерациясының аккаунты 300 мың жазылушымен көш бастап тұр. Екінші орынға 218 мың оқырманы бар АҚШ Бокс федерациясы жайғасса, үздік үштікті Өзбекстан Бокс федерациясы (194 мың жазылушы) түйіндеген.
– Бокс – әрдайым тек рингте емес, әлеуметтік желілерде де бәсеке тудыратын спорт. Бұл таңғалдырмайды, біз 2025 жылы өмір сүріп жатырмыз, мұндағы лайк, пікір және репост – ойынның бір бөлігі.
Біз Instagram-дағы ең танымал ұлттық бокс федерациялары қайсысы екенін анықтап көрдік.
Сонымен, жазылушылар саны бойынша Қазақстан – бірінші орында! Одан кейін АҚШ, Өзбекстан, Англия және Италия келеді, – деп жазылған ұйымның парақшасында.