Бұған дейін Қырғызстанда өткен Орталық Азиядағы түркітілдес елдердің футбол қауымдастықтары басшыларының саммитінде Қазақстан футбол федерациясының басшысы Әділет Бәрменқұлов 2034 жылғы Әлем чемпионатын Өзбекстанмен бірлесіп өткізу идеясын алға тартқан болатын.
"Мәдениет және спорт министрлігі қазақстандық футболды дамытуға ерекше назар аударады және осы бағытта жан-жақты қолдау көрсетеді. Алайда, Қазақстанда футболдан әлем чемпионатын өткізу туралы мәселе қаралмағанын, тиісінше, чемпионатты өткізу үшін біздің еліміз өтінім беруді жоспарламағанын мәлімдейміз", - деді министрліктің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, 2034 жылғы әлем чемпионатын өткізуге қазірдің өзінде бірқатар елдер, соның ішінде Сауд Арабиясы мен Қытай да үміткер.