Қазақстандық киберспортшылар іріктеу кезеңінен сүрінбей өтіп, 2022 жылғы әлем чемпионатына жолдама алған командалардың үздік үштігіне енді, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Құрамында Ақназар Бексейітов (Қарағанды) пен Олжас Есентаев (Жезқазған) өнер көрсететін Қазақстан командасы Дубайға барып, іріктеу кезеңін сонда өткізуге мәжбүр болды. Өйткені біз үшін FIFA-ның ең жақын сервері БАӘ-де орналасқан.
Іріктеу кезеңінде қазақстандықтар 2018 жылғы әлем чемпионы және ФИФА нұсқасы бойынша 2 рет жылдың үздік ойыншысы атанған Сауд Арабиясын жеңді.
FIFA-дан 2022 жылғы әлем чемпионаты 27-30 шілде аралығында Дания астанасы Копенгагенде өтеді. Оған 24 команда қатысады. Турнирдің жалпы жүлде қоры 400 000 долларды құрайды.
Ермұхамед Мәулен