Қазақстан алғаш рет әлемде "орта державалар" тізіміне енді

4451

Германияның беделді ғылыми-сараптамалық орталығы – "Ғылым және саясат қоры" "Орта державалар – халықаралық саясаттағы маңызды факторлар" атты көлемді мақалалар жинағын шығарды.

Қазақстан алғаш рет әлемде "орта державалар" тізіміне енді Фото: SAYASAT.KZ

Онда Қазақстан алғаш рет орта державалар қатарына еніп отыр.

Әдетте "орта державалар" ұғымы әлемдік саяси және экономикалық аренада маңызды рөл атқаратын мемлекеттерді білдіреді. Түркия, Израиль және Үндістан елдері кіретін "Ғылым және саясат қорының" орта державалар тізіміне Қазақстан алғаш рет енді.

Бұл ұйымның Германия үкіметімен және парламентімен әріптестігін ескере отырып, Еуропалық одақ Орталық Азия елдеріне, атап айтқанда Қазақстанға көбірек назар аударуда деп болжауға болады.

Қор мамандарының пікірінше, Қазақстан Орталық Азия мемлекеттері арасында өзінің сыртқы саясатымен ерекшеленеді. Бұл оны аймақтағы негізгі ойыншыға айналдырады.

Сарапшылар Қазақстан өз амбициясын ерте кезеңде халықаралық саясатта жүзеге асыра алғанын мойындады. Мысалы, Қазақстан Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымына, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне төрағалық етті және Сирия қақтығысында келіссөздер алаңын ұсынды ("Астана процесі"). Мұнда Еуразияның бірқатар басқа ықпалды ұйымдарына мүшелік туралы да айтылады.

Орталық Азиядағы көршілес нарықтарға қарағанда, Қазақстан 1990 жылдары бірінші кезекте мұнайдың бай қорларын барлау үшін Батыс инвесторларына ашылды. Нәтижесінде Еуропалық одақ Қазақстандағы ең ірі шетелдік инвестор және сыртқы сауданың 40% үлесімен елдің ең маңызды экономикалық серіктесі болып отыр.

"Ғылым және саясат қорының" мақаласы еуропалықтарға өзгеріс туралы сигнал береді. Енді олар бұрын стратегиялық қашықта болған елдермен де санасуға мәжбүр болады, әйтсе де олармен серіктестік сол кезде де, қазір де экономикалық және саяси жағынан тиімді. Еуропалық Одақ елдерінің ақпараттық күн тәртібінде Қазақстан жаңа экономикалық және саяси әріптес ретінде ғана емес, инвестициялар үшін алаң ретінде де жиі байқалады деп күтуге болады. Оның кіріспесі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шетелдік сапарлары аясында басталып та кетті. Осылайша, 2023 жылғы жұмыс сапарлары кейбір еуропалықтардың санасында Қазақстанның идеологиялық көзқарастардан тыс өз мүдделерін сенімді қорғайтын және дипломатия өнері қажет болған жерде жауапкершілікті өз мойнына алуға дайын егемен ел ретіндегі бейнесін бекітіп үлгерді", - деп жазды sayasat.kz сайты.

Зерттеушілер Украина шиеленісі Қазақстанға әртараптандыру тұрғысынан жаңа серпін берді деп есептейді. Бұған салынып жатқан жаңа көлік бағыттары, жаңартылатын энергия көздері мен қайта өңдеу өнеркәсібі секторына инвестициялар тарту жөніндегі ақпараттық науқан дәлел бола алады.

Сарапшылар Қазақстанның әртараптандыруға ұмтылысында Қытайдың "Жібек жолына" ғана емес, ЕО-ның "Жаһандық қақпа" стратегиясына да сүйенетінінде қызығушылық танытуда.

Осыған байланысты Қазақстан "Шығыс пен Батыс арасындағы көпір" ретінде өзінің географиялық және тарихи рөлін бекітеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу