Қазақстан алғаш рет үстел теннисінен әлем чемпионатын қабылдайды

1259

Қатар елінде Халықаралық үстел теннисі федерациясының (ITTF) Бас ассамблеясында 2027, 2028 және 2029 жылдардағы әлем чемпионаттарын өткізетін елдер анықталды.  

Қазақстан алғаш рет үстел теннисінен әлем чемпионатын қабылдайды Фото: ittf.com/akorda.kz

Алқалы отырыста спорттық доданың алдағы төрт жылда нақты қай мемлекетте ұйымдастырылатыны дауысқа салынды.

Бірінші кезеңнің қорытындысы бойынша АҚШ ең аз дауыс жинап, екінші кезеңге Қазақстан мен Франция өтті, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Қорытынды дауыс беру нәтижесі төмендегідей:

  1. Қазақстан – 54,68%
  2. Франция – 45,32%.

Осылайша, еліміз алғаш рет үстел теннисінен әлемдік басты турнирді қабылдайтын болады.

Алдағы әлем чемпионаттарын өткізетін елдер:

  • 2027 – Қазақстан (Астана)
  • 2028 – Жапония (Фукуока)
  • 2029 – Бразилия (Рио-де-Жанейро).

Еске салсақ, былтыр үстел теннисінен Астанада Азия чемпионаты өткен. Марапаттау рәсіміне ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысқан.

Мемлекет басшысы бұрындары спорттың осы түрі бойынша Қазақстанда федерацияны басқарған.

Өзі де әлі күнге үстел теннисін ойнап тұрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу