Қазақстан алғашқы АЭС құрылысына дайындықты пысықтап жатыр

201

Миссия 15 қазанға дейін жалғасады.  

Қазақстан алғашқы АЭС құрылысына дайындықты пысықтап жатыр Фото: ЖИ

Астанада Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік (АЭХА) Қазақстанның ядролық инфрақұрылымын бағалау және INIR кешенді шолуының екінші кезеңіне дайындық бойынша миссиясын бастады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

12–15 қазан аралығында өтетін шараға АЭХА сарапшылары, Қазақстанның Атом энергиясы жөніндегі агенттігі, "Қазақстандық атом электр станциялары" ЖШС және "Қазатомөнеркәсіп"ҰАК" АҚ өкілдері қатысып жатыр.

Миссияның мақсаты – өзіндік бағалау есебіне қатысты сарапшылардың ұсыныстарын талқылау және INIR миссиясына дайындықтың кейінгі қадамдарын айқындау. Аталған есеп АЭС салу жобасын іске асыру үшін қосымша пысықтауды қажет ететін бағыттарды анықтауға мүмкіндік береді.

Сарапшылар инфрақұрылымның 19 бағытын, соның ішінде ядролық қауіпсіздік, заңнама, қаржыландыру, кадр даярлау, электр желілері және ядролық отын циклі мәселелерін қарастырады.

АЭХА-ның INIR кешенді шолуының екінші кезеңі атом энергетикасын дамыту туралы шешім қабылданғаннан кейінгі дайындықты қамтиды. Бұл кезеңде мемлекет алғашқы АЭС жобасын іске асыруға қажетті жағдайларды қалыптастырып, құрылысқа дайындалады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу