Қазақстан әртістік жүзуден Әлем кубогы кезеңінде екінші медаль жеңіп алды

182

Францияның Париж қаласында әртістік жүзуден Әлем кубогының екінші кезеңі жалғасуда, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қазақстан әртістік жүзуден Әлем кубогы кезеңінде екінші медаль жеңіп алды Фото: olympic.kz

Аталған турнирде Қазақстан құрамасы екінші медалін еншіледі.

Аралас дуэттер арасындағы (техникалық бағдарлама) жарыста Ясмин Исламова мен Алдияр Рамазанов 211.1267 ұпай жинап, 2-орынға ие болды.

1-орынды 231.9159 ұпаймен Ресей өкілдері Алина Румянцева мен Захар Трофимов жеңіп алды. Ал қола жүлде 207.9975 ұпай жинаған колумбиялық Эмили Минанте мен Густаво Санческе бұйырды.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасының еншісінде енді екі медаль бар. Бұған дейін Виктор Друзин қола жүлдегер атанған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу