Қазақстан әртістік жүзуден Әлем кубогы кезеңінде тағы 3 медаль жеңіп алды

84

Қытайдың Сиань қаласында өтіп жатқан әртістік жүзуден Әлем кубогы кезеңінде Қазақстан құрамасы тағы 3 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Қазақстан әртістік жүзуден Әлем кубогы кезеңінде тағы 3 медаль жеңіп алды Фото: olympic.kz

Турнирдің екі дүркін жүлдегері атанған Виктор Друзин еркін бағдарламада үшінші нәтиже көрсетіп, қола медаль иеленді. Осылайша, спортшы жарыстағы екінші жүлдесіне қол жеткізді. Бұған дейін ол техникалық бағдарламада да қола алған еді.

Алдияр Рамазанов пен Ясмина Исламова техникалық бағдарламада күміс жүлдеге ие болды. Қазақстандық жұп жарысты екінші орынмен аяқтады.

Осы бағдарламада Айғаным Саим мен Артур Майданов қола медаль жеңіп алды.

Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында қазір төрт медаль бар. Әлем кубогының кезеңі 3 мамырда аяқталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу