Қазақстан әуе компанияларына Байқоңырға ұшуға рұқсат етілді

Жанболат Мамышев Жанболат Мамышев
2182

Ресей Транссібір бағыттарын пайдаланып ұшу құқығын ұсынды.

Қазақстан әуе компанияларына Байқоңырға ұшуға рұқсат етілді

Қазақстан әуе компаниялары Астана-Байқоңыр және Алматы-Байқоңыр бағыттары бойынша ұшуға рұқсат алды. Бұл туралы ҚР инвестиция және даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Қазақстан авиатасымалдаушылары Астана-Байқоңыр және Алматы-Байқоңыр бағыттары бойынша күнделікті рейс жасауға құқық алды. Тараптар келісімді хат алмасу арқылы бекітті", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ Қазақстан әуе компанияларына Ресей Федерациясының әуе кеңістігіндегі Транссібір бағыттарын пайдаланып ұшуға рұқсат берілді.

"Қазақстан мен Ресей арасындағы екіжақты серіктестік қарым-қатынас негізінде Ресей Федерациясының әуе кеңістігі арқылы ұшу мәселесі бойынша ортақ келісімге келдік. Бірқатар келіссөз нәтижесі бойынша Қазақстан әуе компанияларына Транссібір бағыттарын пайдаланып ұшуға рұқсат етілді, бұл Ұлан-Батыр мен Токиоға апаратын жаңа бағыттарды еш кедергісіз ашуға мүмкіндік береді. Аталған мәселе ұзақ уақыт бойы талқыланды", - деп жазылған баспасөз хабарламасында.

Енді Қазақстан тарапы Транссіб арқылы Ұлан-Батырға ғана емес, басқа қалаларға: Токио, Сингапур, Нью-Йорк қалаларына ұша алатынын айтты министрлік abctv.kz-ке. "Астана" халықаралық қаржы орталығы мен ірі қаржылық орталықтар арасында тікелей әуе байланысын орнатуға мемлекет басшысы тапсырма берді.

"Осы рейстерді орындауда бізде үлкен мүмкіндік туды", - деп мәлімдеді министрлікте.

Сонымен қоса Қазақстан тарапы Транссібір арқылы ұшқаны үшін басқа шетел компаниялары сияқты ақы төлеуі тиіс пе деген мәселеде ИДМ нақты ақпарат берген жоқ. Әзірге бір нәрсе ғана белгілі – енді Қытай арқылы ұшу мүмкіндігінен бас тартылады, себебі ҚХР арқылы Астана-Ұлан-Батыр бағытында ұшу ұзақ (20-30 минутқа) әрі қымбатырақ болып табылады.

"Қытай бізге тиімсіз, себебі ол ұзақ және бағасы қымбатырақ болып отыр, сондықтан біз бұл бағытты қарастырмаймыз", - деп хабарлады министрлікте.

Транссібір арқылы ұшуға мүмкіндік бергені үшін бұдан бұрын "Уральские авиалинии" әуе компаниясына Жуковский әуежайынан Астана мен Алматыға ұшуға берілген рұқсаттан басқа Қазақстан Ресейге ештеңе қарыз болмайтыны айтылды ИДМ-де.

"Яғни  бір тасымалдаушы және осымен бітті. Ресейге біз басқа ештеңе қарыз емеспіз", - деп мәлімдеді ИДМ.

Астана-Ұлан-Батыр, Астана-Байқоңыр және Алматы-Байқоңыр бағыттары бойынша ұшу қашан басталатыны министрлікте айтылмады. Бұл бағыттар бойынша ұшу қашан басталатыны Қазақстан әуе компанияларының қызығушылығына байланысты болады.

Бұған дейін Ресей тарапы аталған бағыт бойынша ұшу үшін ақы төлеуімізді талап еткендіктен 2016 жылдың маусым айына жоспарланған Астана-Ұлан-батыр бағытының іске қосылуы кейінге шегеріліп отырды. Қазақстан тарапы Транссібір кеңістігі бойынша ұшу тегін болғанын талап етті, бірақ Ресей  тарапының Қазақстан нарығына екінші әуе тасымалдаушы компаниясын кіргізу туралы талабы екіжақты келіссөздің негізгі қиындығына айналды. "Трансаэро" компаниясы банкротқа ұшырағаннан кейін Қазақстанға тек "Аэрофлот" қана ұшып жүрді.

Жанболат Мамышев

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу