Қазақстан әуежайлары қысқы маусымға дайындалып жатыр

250

Қар мен көктайғаққа қарсы техника әзірленеді.

Қазақстан әуежайлары қысқы маусымға дайындалып жатыр Фото: ҚР Көлік министрлігі Telegram

Қазақстанның әуежайлары мен әуе компаниялары 2026–2027 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңге дайындықты пысықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұл туралы Көлік министрлігінің кеңесінде айтылды.

Көлік вице-министрі Талғат Ластаевтың төрағалығымен өткен жиынға еліміздегі барлық әуежайлар мен әуе компаниялардың басшылары қатысты.

Кеңесте қысқы кезеңде азаматтық авиацияның қауіпсіз әрі үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету мәселелері қаралды. Вице-министр әуежай инфрақұрылымын, аэродромдық және арнайы техниканы, сондай-ақ қызметкерлерді күрделі ауа райы жағдайларында жұмыс істеуге толық дайындауды тапсырды.

Сонымен қатар жабдықтарға техникалық қызмет көрсетуді уақытылы жүргізу, олардың жарамдылығын тексеру және әуежайларды көктайғаққа қарсы реагенттер мен қажетті материалдардың жеткілікті қорымен қамтамасыз ету міндеттелді.

Ұшу-қону жолақтары мен аэродром жабындарын қар мен мұздан уақтылы тазартуға, сондай-ақ әуе кемелерін мұздануға қарсы өңдеу жұмыстарын ұйымдастыруға да ерекше назар аударылды.

Талғат Ластаев барлық дайындық шараларын алдын ала аяқтап, әуежайлар мен әуе компанияларының қысқы маусымға әзірлігін тұрақты бақылауда ұстау қажеттігін атап өтті. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу