Қазақстан азаматтарының несие алу қабілеті

17116

1,2 млн Қазақстан азаматының екі несиесі бар. Бұл Қазақстандағы белсенді 5,1 млн несие алушылардың шамамен 25%-ын құрайды. 

Қазақстан азаматтарының несие алу қабілеті

Осындай мәлімет Бірінші несиелік бюро (БНБ) сараптамалық орталығының ай сайынға есебінде келтірілген.

БНБ мәліметі бойынша, несие алушылардың 6,3%-ның  немесе 325 мың адамның үш несиесі бар және шамамен 2%-да – төрттен аса активті несиесі бар.

"Несиелік нарықтың қазіргі шындығын айтар болсақ, онда көптеген қарыз алушының бір ұзақ мерзімді немесе орта мерзімді несиесі бар екенін айтуға болады. Алайда, біздің қаржылық институттар осы факторды ескеріп, қарыз алушының қарыз жүктемесі нормативке сәйкес болса, екінші несиені береді", - дейді "Бірінші несиелік бюро" ЖШС-нің бизнесті дамыту жөніндегі директоры Әсем Нұрғалиева. 

Несиелендіру әсіресе соңғы екі айда белсенді жүрді, ол БНБ есептеуі бойынша, несиелік белсенділік индексін көрсетеді. Индекс 2016 жылдың басынан 5 бірлікке өсіп, 25 тармаққа көтерілген. Сонымен қатар БНБ мамандары жекелеген несиелік есептерге деген сұраныстың күрт артқанын атап кетті. 2016 жылдың шілдесінде БНБ-ның әр түрлі арналарымен оларды 16,5 мыңнан артық берген. Қазақ азаматтарының өз несиелік тарихына деген қызығушылығы несие нарығын жандандыру  кезеңінде артатыны белгілі.

"Бөлшектік несиелік қоржыны біршама қысқарды, бірақ бұрынғыша 4,5 триллион теңгені құрап отыр, ал несиелендірудің белсенді өсуі қысқа мерзімді қарыздар есебінен болып отыр. Несиелер де осындай белсенді қарқынмен жабылуда, оны қазақстандықтардың несиелік саулығы Индексінен көруге болады - ол осы жылдың шілде айында 65%-ды құрады",- деп атап көрсетті Әсем Нұрғалиева.

БНБ мәліметіне қарағанда, 2016 жылдың шілде айының қорытындысы бойынша бір несие алушының орташа қарызы бір ай ішінде 0,8%-ға төмендеп, 877 мың теңге болған. Несиенің орташа көлемі 625 мың теңгені құраған. "Көрсеткіштің төмендеуі несие мен несие алушылар санының өсуімен байланысты, ал несиелік қарыз бұрынғы деңгейде қалып отыр. Шілде айында несиелер санының несие алушылардың санына қатысы 1,41-ды құраған, яғни осы кезеңдегі көрсеткіш бір несие алушыға несиелік жүктеменің сәл ғана өскенін көрсетеді",- делінген БНБ есебінде.

2016 жылдың шілде айының қорытындысы бойынша жеке тұлғалардың  несиелік қарызының жиынтық сомасындағы NPL үлесі (несие балансынан есептен шығарылғанды ескермегенде) бір ай ішінде 0,1%-ға төмендеп, 19%-ды құрады. NPL үлесінің айтарлықтай төмендеу деңгейі Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстарында болған.  Ал өсуі Маңғыстау облысында байқалады. Ең сапасыз қарыз 29,2% -бен бұрынғыша Алматы қаласының үлесінде.  

Бизнесті несиелендіру нарығын айтатын болсақ, БНБ бұл жерде заңды тұлғалардың 15,2 трлн. теңге несиелік қоржынындағы несиелік қарызының  0,3% -ға біршама өскенін және NPL деңгейінің  2016 жылдың маусым айында 15%-дан шілде айында 16,1%-ға дейін өсуін атап көрсетті.  

Саян Абаев 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу