Қазақстан азаматтығын алғысы келетіндер қазақ тілін білуге міндетті

1586

Бұйрық 12 қазаннан бастап күшіне енді. 

Қазақстан азаматтығын алғысы келетіндер қазақ тілін білуге міндетті Фото: gov.kz

2024 жылғы 8 қазанда Ғылым және жоғары білім министрінің бұйрығымен азаматтық алу немесе Қазақстан азаматтығын қалпына келтіру кезінде мемлекеттік тілді бастапқы деңгейде, Қазақстан Республикасы Конституциясының негіздерін және Қазақстан тарихын білуге қойылатын талаптар бекітілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Құжатқа сәйкес азаматтық алу немесе қалпына келтіру барысында мемлекеттік тілді білу деңгейі кем дегенде 36 балл, Қазақстан Республикасы Конституциясының негіздері бойынша кемінде 9 балл, және Қазақстан тарихы бойынша кем дегенде 15 балл жинау қажет.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу