Қазақстан барынша серпінді мемлекеттік-саяси үлгіге көшті – Ерлан Қарин

Бұл туралы ҚР Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары әлеуметтік желідегі парақшасына жазды. 

Қазақстан барынша серпінді мемлекеттік-саяси үлгіге көшті – Ерлан Қарин Фото: Ақорда

Ерлан Қарин онда Мемлекет басшысының Жаңа Конституция күшіне енгеннен кейінгі алғашқы Жарлыққа қол қоюына байланысты пікір білдірген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

– Бұл – Президенттің Жаңа Конституция заңды күшіне енген соң қол қойған алғашқы Жарлығы екенін айта кеткен жөн. Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, Осы ерекше күн еліміздің бүкіл саяси жүйесін, сондай-ақ мемлекеттің және азаматтық қоғамның негізгі институттарын түбегейлі жаңғырту кезеңі басталғанын аңғартады, – деп жазды ол. 

Ерлан Қариннің сөзінше, Жарлықта Ата заңның ережелеріне сәйкестендіру үшін Президент бекітетін 100 аса нормативті актілерге өзгерістер енгізу көзделген. 

– Осылайша, Мемлекет басшысы 2026 жылы – Конституциялық реформасын қарқынды іске асыруды жалғастырмақ. Жарлықтың мазмұнына келсек, бірқатар өзгерістер терминологиялық сипатта болып отыр: "Құрылтай", жалпыхалықтық референдум", "теңге" және басқа да ұғымдар өзге актілерде көрініс тапты. Бұдан бөлек, мемлекетті дамытудың конституциялық қисынын айқындайтын түбегейлі өзгерістер өте маңызды, – деді Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары. 

Мұнымен қоса, Ерлан Қарин "Қазақстан Республикасы ішкі саясатының негізгі қағидаттарын, құндылықтары мен бағыттарын бекіту туралы" 2025 жылдың 5 қарашасында қабылданған Жарлыққа енгізілген түзетулерге тоқталып өтті. 

– Жаңартылған редакцияда Жаңа Конституцияның заңды күшіне енуі тарихи меже деп көрсетілген. Сондай-ақ, бұл оқиға заманауи, барынша серпінді мемлекеттік-саяси үлгіге көшіп, жаңа қоғамдық этика қалыптастыруға берік негіз болатыны айқындалған. Осыған байланысты, еліміздің жүйелі жаңғырту кезеңінде ішкі саясат саласына баса мән беріледі. Оның басты міндеті – конституциялық құндылықтар мен қағидаттарды, ілгерілету, қорғау және жүзеге асыру болмақ. Мұның бәрі мемлекеттік институттардың алдағы уақытта атқаратын жұмыстарына, қоғамдық диалогты дамытуға және жасампаз әрі жауапты мінез-құлық мәдениетін қалыптастыруға арқау болады, – делінген жазбада. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу