Қазақстан баскетбол құрамасы Азия кубогының финалына шыға ала ма?

298

Бүгін, 24 ақпан баскетболдан Қазақстан ерлер құрамасы 2025 жылғы Азия кубогының іріктеу турнирі аясында Иран командасына қарсы шешуші матч өткізеді.

Қазақстан баскетбол құрамасы Азия кубогының финалына шыға ала ма? Фото: nbf

Қатар құрамасынан 71:92 есебімен жеңіліс тапқаннан кейін, Қазақстан құрамасы E тобында үшінші орынға түсіп қалды.

Бұл олардың турнирдің финалдық кезеңіне тікелей шығуын қиындатты. Жағдайды жақсартып, қосымша іріктеу матчтарына түсіп қалмау үшін бүгінгі ойында Иранды жеңу өте маңызды.

Іріктеу қорытындысы бойынша екі үздік команда 2025 жылғы 5-17 тамыз аралығында Сауд Арабиясында өтетін Азия кубогының финалдық турниріне тікелей жолдама алады. Үшінші орын алған команда іріктеудің екінші кезеңінде күресті жалғастырады.

Сондай-ақ бүгін, 24 ақпанда Қатар өз алаңында Үндістан құрамасын қабылдайды. Егер бұл матчта қатарлықтар жеңіске жетсе, онда қазақстандықтар Иранмен ойын нәтижесіне қарамастан, қосымша іріктеу матчтарына жолдама алады.

Ал егер Дохада Үндістан құрамасы жеңіске жетіп, ал Қазақстан құрамасы өз алаңында Иранға ұтылып қалса, онда қазақстандықтардың топтағы үшінші орынға ілігуі күмән тудырады. Сондықтан бүгін Қазақстан баскетбол құрамасына турнирдің финалдық кезеңіне жолдама үшін күресті жалғастыру мақсатында Иранды жеңу қажет.

Иранның 9 ұпайы бар. Ал екінші орынға көтерілген Қатардың еншісінде 8 ұпай. Қазақстан құрамасы 7 ұпаймен үшінші орынға жайғасты. Турнир кестесін 6 ұпайы бар Үндістан құрамасы түйіндеп тұр.

Айта кетейік, Қазақстан-Иран арасындағы матч бүгін Астанада, Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтеді. Басталуы жергілікті уақытпен 20:00-ге жоспарланған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу