Азия кубогы іріктеу кезеңінің алдағы ойындары қарсаңында баскетболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері ауысты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Аталған жаңалықты Қазақстан баскетбол федерациясы ресми парақшасында жазды.
Федерация хабарлағандай, баскетболдан Қазақстан құрамасын Қатар және Иран құрамаларына қарсы өз алаңындағы кездесулерге армян маманы Тигран Гекчян баптайды. Ол спортсүйер қауымға "Атырау барыстары" клубындағы тәжірибесімен белгілі.
Гекчянға көмекші ретінде ресейлік бапкер Евгений Овсянников пен Александр Лысяк, Тимур Сұлтанов секілді екі қазақстандық маман жұмысына кірісті.
Бұған дейін елордалық "Астана" баскетбол командасының ВТБ Бірыңғай лигасында қатарынан жиырманшы ойында жеңіліс тапқаны отандық БАҚ-та жазылған еді.