Қазақстан Беларусь құрамасынан жеңілді

1362

Топтың көшбасшысы болған Қазақстан құрамасы соңғы орыннан бір-ақ шықты.

Қазақстан Беларусь құрамасынан жеңілді

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Ұлттар лигасының төртінші турында Беларуссия құрамасынан жеңіліп қалды. Минскіде өткен кездесу 2:0 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды.

Бірінші таймда Евгений Яблонский өз командасын алға шығарды, ал Роман Юзепчук матчтың соңғы минутында гол соғып, ойынның нүктесін қойды. Осылайша, Михал Билектің шәкірттері топта жеті ұпаймен алға шыққан Беларуссиядан екінші рет ұтылды.

Енді Қазақстан төрт ұпаймен соңғы орында тұр. Осы топтың тағы бір матчында Литва құрамасы өз алаңында Албания құрамасымен 0:0 есебімен тең ойнады. Аталған қарсыластар төрт кездесуде бес ұпайдан жинап, кестенің екінші-үшінші орнын бөлісіп тұр.

Матч аяқталған соң Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Михал Билек ойын (0:2) туралы пікір білдірді:

- Бірінші таймды екінші таймға қарағанда нашар өткіздік. Матчтың екінші жартысында біз допты бақылауда ұстап, жақсы ойын көрсетуге тырыстық. Жүзеге асыруды қажет ететін сәттер болды. Өкінішке орай, қарсылас өз мүмкіндігін жақсы пайдаланды. Біз қателік жібердік, сол қателіктеріміз голға айналды.

- Неге ұлттық құраманың тәжірибелі ойыншыларының бірі Исламбек Қуат қосалқы құрамда қалды?

- Соңғы кездері оның жұмыс кестесі тығыз болды. Сондықтан мен оның орнына басқа ойыншыға мүмкіндік бердім. Екінші таймда Қуат алаңға шығып командаға сенімділік пен тұрақтылық беруге тырысты.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу