Канадаға қарсы алғашқы ойын күнінен кейін есеп тең болды. Юлия Путинцева Кайла Кроссты 6:3, 7:5 есебімен жеңсе, ал Соня Жиенбаева Бьянка Андреескуға 4:6, 6:7 есебімен жол берді.
11 сәуір күні өткен жұптық кездесуде Анна Данилина мен Жібек Құламбаева Бьянка Андрееску / Кайла Кросс жұбын 7:5, 6:1 есебімен ұтты.
Ал Путинцева өз кезегінде Бьянка Андреескуді 7:6, 3:6, 7:6 есебімен жеңіп, жалпы есепті 3:1-ге жеткізді.
Осылайша, Қазақстанның әйелдер құрамасы мерзімінен бұрын жеңіске жетіп, турнирдің финалдық кезеңіне жолдама алды. Финалдық кезең биыл күзде Қытайда өтеді.