Қазақстан бокс федерациясы әлем чемпионатының жүлдегерлеріне қомақты сыйақы бермек

250

Бұрымды боксшыларымызға берілетін сыйақы еселенді.

Қазақстан бокс федерациясы әлем чемпионатының жүлдегерлеріне қомақты сыйақы бермек Фото: Бокс федерациясы

8-16 наурыз аралығында Ниш (Сербия) қаласында өткен әйелдер арасындағы әлем чемпионатының нәтижесінде жеңімпаз және жүлдегер атанған Қазақстан спортшылары Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) тарапынан ақшалай сыйақыға ие болды.

Сонымен қатар, боксшыларға Қазақстан бокс федерациясы тарапынан да қаржылай сыйақы табысталады:

Назым Қызайбай – 100 мың АҚШ доллары ҚФФ, 100 мың АҚШ доллары IBA ұйымынан

Алуа Балқыбекова – 100 мың АҚШ доллары ҚФФ, 100 мың АҚШ доллары IBA

Аида Әбікеева – 100 мың АҚШ доллары ҚФФ, 100 мың АҚШ доллары IBA

Виктория Графеева – 50 мың АҚШ доллары ҚФФ, 50 мың доллар IBA

Елдана Талипова – 50 мың Ақш доллары ҚФФ, 50 мың АҚШ доллары IBA

Наталья Богданова – 25 мың АҚШ доллары ҚФФ, 25 мың АҚШ доллары IBA

Бұдан бөлек, бапкерлер мен дәрігерлерге де Қазақстан бокс федерациясы тарапынан сыйақы қарастырылып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу