Қазақстан бокс федерациясы World Boxing ұйымына қосылуға өтініш берді

378

World Boxing  ұйымының құрамында қазіргі уақытта 44 елдің ұлттық федерациясы енген.

Қазақстан бокс федерациясы World Boxing ұйымына қосылуға өтініш берді Фото: @boxingkazakhstan

Қазақстан бокс федерациясы ұзақ талқылаулар мен сараптаманың нәтижесінде маңызды шешім қабылдады. Қазақстан World Boxing ұйымының қатарына қосылу үшін ресми өтініш берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

ҚР Бокс федерациясының баспасөз қызметі атап өткендей, бұл шешім бірінші кезекте отандық боксшылардың Олимпиадалық болашағымен тікелей байланысты.

"Қазір бокстың Олимпиада бағдарламасында қалу мәселесі ХОК деңгейінде талқыланып жатыр. Боксты Олимпиада ойындарының бағдарламасында сақтап қалу мақсатында барлық елдермен ортақ жұмыс жасауға дайынбыз. Бұл шешім боксты одан әрі дамытуға мүмкіндік береді деп санаймыз. World Boxing Олимпиадалық Комиссиясының төрағасы, Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкинмен кездесу барысында Отандық бокстың даму жолдарын талқыладық", – деді федерация басшысы Шахмұрат Мүтәліп.

World Boxing – Халықаралық бокс федерациясы. Бұл ұйым 2023 жылдың сәуір айында құрылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу