Қазақстан Бокс федерациясы жыл үздіктерін жариялады

Әйелдер арасында – Айда Әбікеева, ерлерден Айбек Оралбай үздік боксшы атанған.  

Қазақстан Бокс федерациясы жыл үздіктерін жариялады Фото: boxingkazakhstan

Федерация 2025 жылға қорытынды жасап, түрлі жас және санаттағы топтар бойынша көшбасшыларды анықтаған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Марапаттау рәсімі елдегі бокстың дамуына зор үлес қосқан спортшылар, жаттықтырушылар мен төрешілердің жетістіктерімен ерекшеленді. 

Жылдың үздік боксшылары:

  • Айда Әбікеева – әйелдер арасындағы үздік боксшы;
  • Айбек Оралбай – ерлер арасындағы үздік боксшы;
  • Тимур Тайбеков – жасөспірімдер арасындағы үздік боксшы;
  • Құралай Егінбайқызы – қыздар арасындағы үздік боксшы;
  • Досжан Жұмахан – жасөспірім ұлдар арасындағы үздік боксшы;
  • Аяулым Оспанова – жасөспірім қыздар арасындағы үздік боксшы;
  • Дамир Жаншіліков – кіші жасөспірім ұлдар арасындағы үздік боксшы;
  • Жансая Ержан – кіші жасөспірім қыздар арасындағы үздік боксшы;
  • 2025 жылдың үздік жаттықтырушылары:
  • Ілияс Оралбеков – ерлер боксы;
  • Толқынжан Камеков – әйелдер боксы.

Үздік төрешілер:
Өзбек Қазин – үздік рефери;
Азамат Жақиянов – үздік төреші. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу