Оның сөзінше аталған санатқа Оңтүстік Корея, Дания, Сингапур сияқты 21 ел кірген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
– Екі жылда Қазақстан осы рейтингте 194 елдің арасында 24-орыннан 16-орынға көтерілді. Байланыс инфрақұрылымын дамыту бойынша əлемде 41-орыннан 13-орынға көтерілдік. Екі жылдағы өсім – 28 саты.
Екі көрсеткіш бойынша да ТМД мен Орталық Азия елдері арасында бірінші орындамыз. Бұл нəтижеге жүйелі жұмыстың арқасында жеттік.
Оған Мемлекет басшысы жариялаған Цифрландыру жəне жасанды интеллект жылында жүргізілген реформалар да ықпал етті. 18 Мемлекеттік қызмет көрсетуге де, экономика салаларына да жасанды технологияларын енгізіп жатырмыз. интеллект Мемлекеттік цифрлық жүйелерді кезеңкезеңімен QazTech платформасына көшіріп келеміз, – деді ол.
Заманауи цифрлық инфрақұрылым салуға инвестиция тартылып жатыр. Сол себепті, Халықаралық рейтингтер осы жұмыстың нəтижесін көрсетіп отыр.
Бұған дейін Жаслан Мәдиев Қазақстанның мобильді интернеті әлемдік орташа бағадан 3 есе арзан екенін айтқан еді.