Қазақстан бюджет тапшылығын жабуға 345,7 млн еуро кредит алады

2716

Үкіметтің кредиторы Халықаралық қайта құру және даму банкі болады. 

Қазақстан бюджет тапшылығын жабуға 345,7 млн еуро кредит алады

Мәжілісмен Мұрат Құсайыновтың айтуынша, қаражат республикалық бюджет тапшылығын қаржыландыру жөніндегі іс-шаралар шеңберінде әлеуметтік-экономикалық жағдайды тұрақты қолдауға бағытталады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Халықаралық қайта құру және даму банкінің қарызы Қазақстанға 345,7 млн еуро сомасында беріледі. Қайтару мерзімі 11,5 жыл, оның ішінде 2,5 жыл жеңілдік кезеңі бар. Комитет жоба бойынша қорытынды дайындауға дайын. Қолдау сұраймын", – деді ол.

Айта кетейік, Мәжіліс "Қазақстан Республикасы мен Халықаралық қайта құру және даму банкі арасындағы қарыз туралы келісімді (жеке секторға негізделген даму саясатын қаржыландыруға арналған қарыз және экономиканы тұрақты қалпына келтіру) ратификациялау туралы" заң жобасын жұмысқа алды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу