Қазақстан Чемпионаты қашан басталады?

1849

Наурыз айының соңында тоқтап қалған біріншілік ойындары 15-маусым немесе 1-шілде күні  басталады.

Қазақстан Чемпионаты қашан басталады?

21-мамыр күні Қазақстанның Кәсіпқой футбол Лигасы бейнеконференция өткізді. Оған Лига басшылығы мен футбол клубтарының директорлары қатысты. Жиында талқыланған басты мәселе – ол Ұлттық біріншіліктің қашан басталатыны жайлы. Кездесу барысында ҚКФЛ жетекшісі Олжас Абраев Қазақстанның әр аймағындағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты футбол маусымының қайта басталуына арналған жоспардың бірнеше нұсқасын ұсынды.  

ҚКФЛ ресми сайтының хабарлауы бойынша қазіргі таңда футболдан OLIMPBET-Қазақстан чемпионатын жалғастыру үшін екі жоспар қарастырылуда.  

Біріншісі – турнир 15-маусым күні көрермендерсіз қайта басталады. Екіншісі – 1-шілдеден бастап жабық трибуналарда. Әзірленген жоспарлардың әрқайсысын іске асыру үшін уәкілетті органдардың рұқсаты қажет. Сондай-ақ премьер-лиганың, бірінші және екінші дивизионның командалары өнер көрсететін аймақтың санитарлық эпидемиологиялық жағдайы туралы ақпарат қажет.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін ақпарат көздерінде премьер-лиганың жоғарғы дивизионының 3-туры 6-7 маусым өтеді деп хабарлаған болатын. Ал бейсенбі күні Meta-ratings.kz-тің хабарлауы бойынша еліміздің бас санитар дәрігері Айжан Есмағанбетованың шешімімен чемпионат ойындары 1-маусымнан кейін басталуы қажет.

Сонымен қатар конференция барысында ресми футбол матчтары кезінде короновирус инфекциясын болдырмауға арналған хаттама дайындалып жатқаны белгілі болды. Бұл құжат футболшылардың, жаттықтырушылар құрамының, командалардың қызметкерлерінің OLIMPBET - Қазақстан Чемпионатымен ел кубогінің матчтары кезінде вирус жұқтыру қаупін азайту мақсатында жасалуда.

Ермұхамед Мәулен

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу