Қазақстан чемпионаты өзгертілген форматта өтеді

1736

Шымкентте бокстан Қазақстан чемпионаты өзгертілген форматта өтеді. Бұл туралы федерация президенті Кеңес Рақышев Алматыда өткен арнайы баспасөз конференциясында мәлімдеді.

Қазақстан чемпионаты өзгертілген форматта өтеді

Пандемия кезінде ұзақ уақыт бойы республикалық турнирді ұйымдастыру мүмкін болмады. Өйткені, спортшылардың ғана емес, осындай шараларға қатысатындардың барлығының қауіпсіздігіне баса назар аударылды. Маңызды жарыстарды ұйымдастыру үшін карантиндік жағдайлар командалар мен ұйымдастырушыларға кедергі келтірді. Соған қарамастан, олар алты айдан астам уақыттан кейін ұлттық чемпионатты өткізу мүмкіндігіне қол жеткізді.

Қазақстан бокс федерациясының президенті Кеңес Рақышевтың айтуынша, чемпионатқа жыл сайын өтіп жүрген дәстүрлі форматқа өзгерістер енгізуге тура келді. Сонымен қатар, тарихта алғаш рет ерлер мен әйелдер арасындағы жарыстар Қазақстан чемпионатының аясында өтеді.

"Жақында Қазақстан чемпионатын өткізетінімізді ресми түрде жарияладық. Жарыс Шымкентте қараша айының соңында өтетін болды. Бұл жарыстың стандартты тапсырмаларынан басқа, резервтегі мүмкіндіктерді, спортшылардың бабын көру керекпіз. Өйткені олар ұзақ уақыт рингке шықпады. Біз ерлер және әйелдер арасында өтетін жарыстарды біріктірдік. Бұл бокстан Қазақстан Чемпионаты тарихындағы осындай алғашқы тәжірибе болды.

Біз бүкіл форматты өзгерттік. Трибунада көрермендер болмайды. Дәстүрлі жекпе-жектерді өткізу форматы қысқартылады. Әрине, ең қатаң қауіпсіздік шаралары қолданылатын болады. Ұйымдастырумен айналысатындардың барлығы, менеджерлерден бастап төрешілерге дейін ПЦР тесттен өтеді. Біздің басты міндетіміз алдағы іс-шараға қатысушылардың денсаулығын сақтау.

Шын мәнінде ұйымдастыруға байланысты көптеген мәселелер туындауда. Біз турнирді мүмкіндігінше қауіпсіз етуге тырысамыз. Әркім өз жұмысын біледі. Ең алдымен, жаттықтырушылар осы уақытқа дейін жүргізілген жұмысының нәтижесін көреді. Әрине, ұлттық құраманың кейбір көшбасшыларына күмән жоқ. Бірақ біз олардың деңгейін көруіміз керек", - деді Рақышев.

Биылғы ел чемпионаты 23-29 қараша күндері Шымкентте өтеді. Ерлермен қатар әйелдер де бұл жарыста бақ сынайтын болады. Ұйымдастырушылардың талаптарына сәйкес команданың барлық мүшелері сайыс басталғанға дейін COVID-19 вирусына тест тапсырулары қажет. Сонымен қатар спортшылар мен жаттықтырушыларға қала бойынша қозғалуды қонақ үй - спорт сарайы бағытымен шектеу ұсынылды.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу