Қазақстан чемпионаты: "Торпедо" көшбасшылығын нығайтты

1914

Өскеменнің "Торпедо" хоккей клубы сенбіде өз айдынында ақтөбеліктерді қатарынан екінші рет жеңіп, екінші орында келе жатқан елордалық "Номадтан" сегіз ұпай алға озды.

Қазақстан чемпионаты: "Торпедо" көшбасшылығын нығайтты

"Торпедоның" "Ақтөбемен" өтетін кездесуге дейін екі матчы болатын және "Номадтан" бес ұпайға алға шыққан. Жұмадағы алғашқы ойын өте қиынға соқты: торпедалық ойыншылар алғашқы екі кезеңде Сергей Кузнецов пен Александр Шиннің күшімен алға шықты. Бірақ 45-минутта Иван Зинченко есеп айырмашылығын минимумға дейін азайтты. Матчтың соңғы минутына дейін айдын иелері үш ұпай иелене ме, жоқ па белгісіз болды.

Өскемендіктер "Ақтөбемен" өткен алғашқы ойында минималды есеппен жеңіске жеткен болатын. Бірақ сенбіде олар өте белсені ойнады және бірінші кезеңнің аяғында 3: 0 есебімен жеңіске жетті. Кездесу басталғаннан 20 секундтан кейін есеп ашылып, алаң иелерінің қорғаушысы Дмитрий Стуловтың қақпаға бағытталған дәл соққысы қонақтардың жеңілісінің бастамасы болды.

Алтыншы минутта Никита Сироткин қонақтардың қақпашысымен бетпе-бет шығып, есепті еселеді. 18-минутта Дмитрий Гренц шайбаны қонақтар қақпасының бұрышына дәл бағыттады. Осыдан кейін командалар бірінші үзіліске кетті. Бірақ өскемендіктер екінші кезеңде ойынға деген ерекше құлшыныс танытпады.

Дегенмен, соңғы жиырма минутта гол соғылды. 47-минутта Кирилл Зубковский бір шайба жіберіп алды. Үш минуттан кейін алаң иелерінен Стулов тағы да есепті төрт доп айырмасына дейін көбейтті. Содан кейін Александр Мерескин 51-минутта алаң иелерінің келесі басымдылығын нығайтты- 6: 1. Торпедо ойыншыларының голдары мұнымен аяқтала қойған жоқ.  55-минутта Александр Шин есепті 7: 1-ге жеткізді. Екі минуттан кейін Стулов үшінші рет алыстан қарсыластың қақпасына допты сәтті лақтырып, осы ойында хет-трик жасады және матчқа нүкте қойды. Нәтижесінде кездесу "Топедоның" пайдасына, 8: 1 есебімен аяқталды. 30 матч өткізген өскемендіктер 73 ұпаймен көшбасшылығын нығайтты.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу