Қазақстан чемпионатында алғаш рет әйел төреші қызмет етті

1330

Қазақстан футболында тарихи оқиға орын алды. Олимпбет-Қазақстан футбол чемпионатының 19-турында "Жетісу" мен "Қызыл-Жар" арасындағы ойында әйел төреші Эльвира Нұрмустафина қызмет етті.

Қазақстан чемпионатында алғаш рет әйел төреші қызмет етті

Өз саласының нағыз маманы Эльвира Нұрмустафина 2013-жылдан бастап әйелдер командалары арасындағы Еуропалық клубтық турнирлердегі матчтарға, ал 2017-жылдан бастап Бірінші лигадағы клубтар арасындағы Қазақстан Чемпионатындағы ерлер командаларындағы кездесулерге тұрақты түрде тағайындалды.

2019-жылы ол ФИФА төрешілерінің бірінші санатына енгізілді. Бұл оған Еуропадағы әйелдер клубтарының жарыстары мен ұлттық құрамаларының ойындарында жұмыс істеуге мүмкіндік берді.

Ойын алдында "Қызыл-Жар" командасы Эльвираны жоғарғы лигадағы дебютімен құттықтап, гүл шоғын сыйлады.

Ал "Жетісу" мен "Қызыл-Жар" арасындағы ойынға келер болсақ, қос команда да өте сүреңсіз ойын көрсетті. Матч Талдықорғандағы "Жетісу" стадионында өтіп, 0:0 есебімен аяқталды. Алаң иелері небәрі бір ғана дәл соққы жасаса, петропавлдық клубтың ойыншылары екі рет "Жетісу" қақпасын дәл көздеді.

Талдықорғандық клуб бұл ойыннан кейін 11 ұпаймен ең соңғы орында қала берді. 26 ұпайы бар "Қызыл-Жар" алтыншы орынға жайғасты.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу