Қазақстан чемпионатында қателік жасаған төрешілер қызметінен шеттетілді

Футболдан ҚПЛ-дің 4-туры тағы да қызық пен шыжыққа толы болды. 

Қазақстан чемпионатында қателік жасаған төрешілер қызметінен шеттетілді Фото: kazfootball.kz

Әсіресе, "Ордабасы" – "Атырау" матчы жанкүйерлердің ашу-ызасын туғызды деуге болады.

Аталған ойында қазылық еткен Санжар Ысқақов пен Татьяна Сорокопудоваға қатысты шешім қабылданып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Қазақстан футбол федерациясы төрешілердің ұлттық жарыстар аясындағы матчтарда қызмет көрсетуден уақытша шеттетілгенін мәлім етті. 

– Бұл шешім Қазақстан Премьер-лигасының соңғы турында жіберілген бірқатар өрескел әрі маңызды қателіктерге байланысты қабылданды. Аталған қателіктер матч нәтижесіне әсер етті. Олардың алдағы мәртебесіне қатысты түпкілікті шешім ҚФФ-ның құзыретті органдары тарапынан жан-жақты тексеріс жүргізілгеннен кейін қабылданады, – деп жазылған ресми ақпаратта.

Еске салайық, "Ордабасы" – "Атырау" матчында 82-минутта атыраулықтар салған екінші голды бас төреші Санжар Ысқақов VAR-ды қарағаннан соң да есептемей қойған болатын. Егер бұл гол есептелсе, "Атыраудың" жеңу ықтималдығы (2:0) өте жоғары болатын-ды. Мұнымен қоса 97-минутта төреші атыраулықтар қақпасына 11 метрлік айып соққысын белгілеген. Осы қате шешімнен соң шымкенттіктер есепті теңестірді. Төрешілердің бұл шешімі де қате болғаны айтылды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу