Қазақстан чемпионатының жартылай финалына шыққандар

Маруан Түсіп Маруан Түсіп
2893

Бокстан Ақтауда өтіп жатқан ерлер арасындағы ел чемпионатында барлық жүлдегерлер белгілі болды.

Қазақстан чемпионатының жартылай финалына шыққандар  Фото: kfb.kz

Жақында ғана AIBA-ның Техникалық комиссиясы 2020 жылғы Токио Олимпиадасы бағдарламасына енетін салмақ дәрежелерінің қысқартындығын жариялаған болатын. Әрі сегіз салмақты нақтылап, ресми түрде мәлімдеген (52 келі, 57 келі, 63 келі, 69 келі, 75 келі, 81 келі, 91 келі және + 91 келі). Алайда Қазақстан чемпионаты бұрынғы 10 салмақ дәрежесінде өтіп жатыр...

Қазақстан бокс федерациясының мәлімдеуінше, Каспий жағалауындағы ел чемпионатына 198 боксшы тіркеліпті. Бес күннің ішінеде солардың 10-ы ғана чемпион болып, 30-ы жүлдегер атанады. Кеше жартылай финалға шыққан боксшылардың бәрі де белгілі болды. Әрі финалға шығу құқығын сарапқа салатын жұптар да мәлім.

Айрықша атап өтерлігі, биылғы ел чемпионатына шетелдік, тәуелсіз үш төреші арнайы шақыртылыпты. Үшеуі де AIBA-ның халықаралық дәрежедегі "3 жұлдызды" қазылары көрінеді. Қайсыбір жекпе-жектің нәтижесіне байланысты дау-дамай, туындай қалса, осы тәуелсіз төрешілерге жүгінуге болады екен.

Шетелдік әділ қазыларды бекерден-бекер шақырмаппыз. Ширек финалдық кезеңде олардың көмегіне жүгінуге тура келген. Ең ауыр салмақтағы Данил Семёнов пен Айболды Дәуренұлы арасындағы жекпе-жекте біздің төрешілер жеңісті 5:0 есебімен Қостанай боксшысына береді. Бұған Маңғыстау боксшысының бапкерлері наразылық білдіріп, шетелдік қазыларға жүгінеді. Олар керісінше, жеңісті 3:0 есебімен 20 жастағы Айболдыға береді. Сөйтіп ол жартылай финалға шықты.

Жартылай финалдық жекпе-жектер бүгін өтеді. Ал ертең 2018 жылғы ел чемпиондарының есімін білетін боламыз. Енді жартылай финалда айқасатын боксшылар тізімімен таныс болыңыздар:  

49 келі:

Теміртас Жүсіпов (Ақмола обл) – Жомарт Ержан (Түркістан обл)

Жандос Несіпжан (Алматы обл) – Ермек Мәдиев (Жамбыл обл)

 

56 келі:

Қайрат Ералиев (Түркістан область) – Жанболат Қыдырбаев (Жамбыл обл)

Нұрбол Қалжанов (Маңғыстау обл) – Оразбек Асылқұлов (Ақмола обл)

 

60 келі:

Закир Сафиуллин (Шымкент) – Серік Теміржанов (Павлодар обл)

Саматәлі Төлтаев (Маңғыстау обл) – Бағдат Уайдаев (Қызылорда обл)

 

64 келі:

Бекдәулет Ибрагимов (Түркістан обл) – Сабыржан Бекбергенов (Ақмола обл)

Санатәлі Төлтаев (Маңғыстау обл) – Мирасәлі Сарсенов (Жамбыл обл)

 

69 келі:

Асланбек Шымбергенов (Жамбыл обл) – Мәулен Өскенбек (Маңғыстау обл)

Абылайхан Жүсіпов (Қарағанды обл) – Қанағат Маралов (Астана)

 

75 келі:

Әбілхан Аманқұл (Жамбыл обл) – Тұрсынбай Құлахмет (Қызылорда обл)

Ерік Әлжанов (Маңғыстау обл) – Аман Қазанғапов (Жамбыл обл)

 

81 келі:

Бек Нұрмағанбет (Түркістан обл) – Тимур Ержанов (ШҚО)

Нұрлан Сабыров (Маңғыстау обл) – Михаил Коханчик (Қостанай обл)

 

91 келі:

Василий Левит (Астана) – Алексей Севостьянов (Қарағанды обл)

Бекзат Нұрдәулетов (Маңғыстау обл) – Абзал Құттыбеков (Түркістан обл)

+91 келі:

Қамшыбек Қоңқабаев (Қызылорда обл) – Ержан Сейтімбетов (Ақтөбе обл)

Нұрлан Сапарбай (Түркістан обл) – Айболды Дәуренұлы (Маңғыстау обл)

Маруан Түсіп

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу