banner

Қазақстан Дэвис Кубогінің финалына жолдама жеңіп алды

1661

Теннистен Қазақстан құрамасы Нидерландыны жеңіп, Дэвис Кубогінің финалына жолдама алды.

Қазақстан Дэвис Кубогінің финалына жолдама жеңіп алды

Кездесу бүгін Нұр-Сұлтан қаласында 3:1 есебімен, қазақстандықтардың жеңісімен аяқталды. 3-ойында еліміздің бірінші ракеткасы Александр Бублик Робин Хасеге қарсы өнер көрсетіп, оны екі сетте де, 7:6 (7:4), 6:1 есебімен ұтты.  

Естеріңізге сала кетсек, 6-наурыз күні өткен кездесуде Хасе Михаил Кукушкинге қарсы ойнап, нәтижесінде нидерландиялық 6:4, 6:7, 6:3 жеңіске қол жеткізген болатын. Алайда, Бублик Таллон Грикспурды 7:6, 7:6 есебімен ұтып, жалпы есепті теңестірген еді.

Бүгін, 7-наурыз Андрей Голубев пен Александр Недовесов жұбы Жан-Жюльен Ройер мен Робин Хасені екі сетте де 6:3, 6:3 есебімен жеңді. Осылайша Қазақстан құрамасы 23-29 қараша аралығында Мадридте өтетін Дэвис Кубогінің финалына жолдама жеңіп алды.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу