Ташкентте (Өзбекстан) дзюдодан кадеттер арасында өткен Гран-при кезеңі аяқталды. Қазақстан құрамасы жарысты алты медальмен қорытындылады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Соңғы жарыс күнінде 90 келіден жоғары салмақта сынға түскен Ердәулет Жұмабай финалға дейін жетіп, күміс жүлдегер атанды. Шешуші белдесуде ол қарсыласына есе жіберді.
Осылайша Қазақстан құрамасының қоржынында бір алтын, үш күміс және екі қола медаль бар.
Бұған дейін Әдия Жанахмет (40 келіге дейін) алтын медаль жеңіп алған еді. Ернат Кеңесбек (55 келіге дейін) пен Аслан Ерғалиев (60 келіге дейін) күміс жүлдеге ие болды. Ал Ғабит Расулхан (60 келіге дейін) және Ерік Үсенов (66 келіге дейін) қола медаль еншіледі.