Қазақстан экономикасының өсімі 9 айда 6,3%-ды құрады

574

Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлім етті.

Қазақстан экономикасының өсімі 9 айда 6,3%-ды құрады Фото: Новости mail

Бұл көрсеткіш жыл басындағы деңгейден 2,3 пайыздық тармаққа жоғары, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Экономикалық белсенділік кезең сайын артып келеді: қаңтарда – 3,8%, қаңтар-ақпанда – 5,4%, қаңтар-наурызда – 5,6%, ал қаңтар-тамыз аралығында – 6,5% болды.

Өсімнің негізгі қозғаушы күштері көлік және қоймалау қызметтері (+21,2%), құрылыс (+14,9%), сауда (+8,8%), тау-кен өндірісі (+9,3%) және өңдеу өнеркәсібі (+6,2%) салалары болып отыр. Бұл экономиканы әртараптандыру мен салалар арасындағы теңгерімді дамудың нәтижесін көрсетеді.

Сонымен қатар, негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі тұрақты дамуға негіз болуда. 2025 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында инвестициялар 13,5%-ға, оның ішінде өңдеу өнеркәсібінде – 30,7%-ға артқан.

Мұндай жандану іскерлік белсенділіктің артуымен, екінші деңгейлі банктердің бизнеске несие беру көлемінің ұлғаюымен, сондай-ақ инфрақұрылымдық және инвестициялық жобалардың іске асуымен байланысты.

Олардың қатарында "Тарифті инвестицияға айырбастау" және "Келешек мектептері" бағдарламалары бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу