Қазақстан еуразиялық кеңістіктегі ең ірі цифрлық хабтардың біріне айналуға тиіс – Мемлекет басшысы

1922

Осы жылғы форумның тақырыбы – "Орталық Еуразия жаңа технологиялық платформа ретінде қалыптасуда". 

Қазақстан еуразиялық кеңістіктегі ең ірі цифрлық хабтардың біріне айналуға тиіс – Мемлекет басшысы

Астанада "Digital Bridge 2022" халықаралық технологиялық форумының пленарлық отырысы өтіп жатыр. Жиынға Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев төрағалық етті, деп жазады inbusiness.kz.

"Сарапшылардың болжамы бойынша, он жылдан кейін әлемдегі өнімдер мен қызметтердің 70 пайызы цифрлық платформалық модельдерге негізделеді. Осындай жағдайда Қазақстан өз алдына еуразиялық кеңістіктегі ең ірі цифрлық хабтардың біріне айналу стратегиялық міндетін қойды. Бұл үшін берік негіз бар. Бүгінде Қазақстан көптеген дамыған елден озып, БҰҰ-ның цифрланған мемлекеттер рейтингінде үздік отыз елдің қатарына кіреді. Қазақстан цифрландырудың дамыту векторын мазмұндық жағынан да, институционалдық тұрғысынан да нақты айқындағанын атап өткен жөн" 

Айта кету керек, еліміздің IT саласындағы ең ірі іс-шара осымен төртінші рет өтіп жатыр. Форумға халықаралық IT-қоғамдастықтың көшбасшылары, технологиялар саласындағы отандық және шетелдік сарапшылар, цифрлық әзірлемелер саласындағы кәсіпқойлар, IT-компаниялар мен стартаптар, венчурлық инвесторлар, мемлекеттік органдар қатысады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу