Осы жеңістер үшін жиған ұпайлар саны 1182,96-ға жеткені белгілі болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Бұл өз кезегінде Қазақстан ұлттық құрамасының бірден екі саты жоғарылауына көмектесіп отыр. Қазір еліміз 112-орынға тұрақтаған. Аталған нәтижеге Астанада өткен FIFA Series турниріндегі сәтті ойындар тікелей әсер еткені жасырын емес.
Бұл жарыс аясында Қазақстан ұлттық құрамасы қос матчта да 3 ұпайды қоржынға салды. 25 наурыз күні "Астана Аренада" Намибияны 2:0 есебімен ойсырата жеңсе, кеше ғана Комор аралдарынан 1:0 есебімен ұтты. Осылайша, команда 5,15 ұпай еншілеп, рейтингте Кения мен Танзанияны артта қалдырған.
Еске салайық, осы кездесулер қарсыластардың да позицияларына айтарлықтай әсер етті. Намибия екі сатыға төмендеп, 120-орынға тұрақтаса, Комор аралдары үш орынға сырғып, 109-орыннан бір-ақ шықты.
Қазақстан тарихында алғаш рет FIFA Series турнирін қабылдап, халықаралық деңгейдегі жарысты өз алаңында ұйымдастырғанын да айта кету керек.