Қазақстан футбол федерациясына УЕФА тарапынан айыппұл салынды

1503

Жанкүйерлердің оғаш қылықтары жалғасатын болса, УЕФА айыппұлдан да қатаң талап қоюы ықтимал.

Қазақстан футбол федерациясына УЕФА тарапынан айыппұл салынды

Ұлттар лигасының плей-офф кезеңінде Молдовамен өткен ойында жанкүйерлердің трибунадан заттарды лақтырғаны және алаңға жүгіріп шыққаны үшін УЕФА тарапынан Қазақстан футбол федерациясына ірі көлемде айыппұл салынды. Бұл туралы ҚФФ баспасөз қызметі хабарлады.

"Қазақстан футбол федерациясы УЕФА Ұлттар лигасында Молдовамен өткен ойында біздің құрамаға көрсеткен қолдауларыңыз үшін жанкүйерлерге алғыс білдіреді. Осы матчта жанкүйерлердің трибунадан заттарды лақтырғаны және алаңға жүгіріп шыққаны үшін УЕФА тарапынан Қазақстан футбол федерациясына 19 250 еуро көлемінде айыппұл салынды.

Мұндай әрекеттер жалғасатын болса, УЕФА ұлттық құраманың ойындарына одан да қатаң талап қоюы ықтимал. Мәселен, ұлттық құраманың ойындарына жанкүйерлерді қатыстырмау туралы шешім шығаруы мүмкін. Сол себепті алдағы ойындарында қолдаудың жоғары әрі мәдениетті деңгейін көрсетуге шақырамыз. Түсіністік танытқан әр жанкүйерге ыстық ықыласымызды білдіріп, ұлттық құраманы әрқашан қолдайды үміттенеміз!", – деп жазылған хабарламада.

Сонымен қатар 21 жасқа дейінгі Қазақстан жастар құрамасының аға бапкері Қайрат Нұрдәулетов ЕУРО-2023 іріктеу турнирінің ойындары алдында құраманың тізіміне бүгін өзгеріс енгізді. Ойыншыладың тізімін алматылық "Қайраттың" жартылай қорғаушысы Андрей Ульшин толықтырды. Ол осы іріктеу кезеңінде жастар құрамасының үш ойынына қатысқан болатын.  

Қазақстан U-21 құрамасы 4 маусым күні Даниямен, ал 10 маусым күні Түркиямен ойнайды. Екі матч та сырта алаңда өтеді. Ал Қазақстан ұлттық құрамасы 3 маусым күні Әзербайжанды қабылдайды.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу