Қазақстан футболшылары "Атлетико Мадридке" қарсы матч өткізді

211

Матч Алматыдағы "Хан-Тәңірі" стадионында өтті. 

Қазақстан футболшылары "Атлетико Мадридке" қарсы матч өткізді   Фото: kff.kz

Жасөспірімдер лигасының үздік ойыншыларынан құралған құрама Еуропаның беделді клубтарының бірі – мадридтік "Атлетико" академиясының тәрбиеленушілерімен кездесті.

QJL All Star командасы бұл ойынға дейін оңтүстік астанада оқу-жаттығу жиынын өткізіп, алаңдағы өзара түсіністікті арттырып, алаңдағы шеберлігін шыңдауға мүмкіндік алды.

Кездесудің 9-минутында испаниялықтар сапынан Гонсало Гросс есеп ашты.

Екінші таймда қазақстандықтар қарсы шабуылдарын күшейтіп, 58-минутта Мақсат Абраев тамаша соққымен таразы басын теңестірді.

Негізгі уақыт 1:1 есебімен аяқталып, пенальти сериясында "Атлетико" ойыншылары сәл ғана басым түсті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу